Жемқорлыққа қарсы

 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«31 » тамыз 2022 жыл                                                                                            Атырау қаласы

 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушының 2022 жылғы 18 тамыздағы №209 бұйрығымен құрылған топпен 2022 жылдың 6 айы бойынша Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

2021 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының                       02.02.2021 жылғы №Б-20 және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 04.02.2021 жылғы №46 бірлескен бұйрықтарымен құрылған топпен Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға жоспарлы талдау жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар берілген.

Басқарма мемлекеттік нысандағы медициналық ұйымдардың мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Басқармаға қарасты 36 медициналық ұйым болса, оның                                   2-уі - мемлекеттік мекеме, 34 - шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, оның 25-не байқау кеңесі енгізілген.

Құрманғазы аудандық сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы үкіміне сәйкес Құрманғазы аудандық ауруханасының 2 дәрігері 317-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 (үш) жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 (екі) жыл 06 (алты) ай мерзімге және 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

2021 жылғы 07 желтоқсандағы №81-VIІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз  жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабы 1-бөлігінің 1) тармағына сай аталған тұлғалар бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазадан босатылған.

Үкім заңды күшіне 2022 жылғы 14 тамызда еніп, бүгінгі күні үкімде көрсетілген дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру үшін Атырау облысы медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментіне жолданған.

ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес екі  басшыға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде Ұсыныс түсіп, қаралған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілдерінің қатысуымен өтетін жиналыс қыркүйек айына жоспарланған.

***

Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының жаңа Ережесі                       ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және ҚР Үкіметінің  2021 жылғы                           1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың типтік Ережесіне сәйкес жасақталып, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №148 қаулысымен бекітіліп, Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткізілген.

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 13-бабы келесідей мәтіндегі тармақшалармен толықтырылған:

«21-1) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;

21-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

21-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;».

Аталған Заң күшіне 2022 жылдың 1-шілдесінен бастап енген.

М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ (КазГЮУ) университетіне нормативтік құқықтық акті болып табылатын облыс әкімдігінің қаулы жобалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын алу үшін қарауға жолданады.

Ғылыми сараптама қорытындысымен «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің мәтіні әдеби тіл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелері барынша қысқа болуға, нақты мағынаны және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс.

Жалпы, НҚА жобасы көрсетілген талаптарды сақтай отырып әзірленді, алайда мынадай ескертулер бар:

Ереженің  11-тармағының  екінші   бөлігі:  «Егер  Басқармаға  заңнамалық

актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі», - деп белгілейді. Алайда, бұл норма «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 164-бабының 3-тармағына тікелей қайшы келеді, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соқтырмайды, бірақ олар жойылуға тиіс.

Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №591 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес жасақталғандықтан, сәйкесінше ереженің 11-тармағының екінші бөлігі өзгеріссіз жазылған болатын. Алайда, ғылыми сараптама қорытындысына сәйкес аталған тармақ алынып тасталды.

Демек, аталған қаулының бұл нормасы  2011 жылғы 1 наурыздағы Заңға қарама-қайшы келіп отыр.

Басқарма басшысы басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы медициналық ұйымдардың басшыларын және олардың ұсыныс негізінде орынбасарларын тағайындап, жұмыстан босатады.

Талдау барысында Басқармаға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының бос лауазымға конкурс өткізу тәртібіне қатысты төмендегідей мәселелер анықталды.

2011 жылғы 1 наурыздағы Заңның 149-бабының 1-тармағының                  5) тармақшасына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі,

ал 1-1) және 2) тармақшаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен атқарушы органның функцияларын                жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізеді және конкурс нәтижелері бойынша атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшы немесе алқалы атқарушы органның басшысы етіп тағайындауға кандидатураны тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсынады.

Іс жүзінде, байқау кеңесі енгізілген медициналық ұйым басшыларын тағайындау конкурсы 2020 жылғы 27 мамырдағы ҚР-ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке - дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес байқау кеңесімен жүзеге асырылып, байқау кеңесінің оң қорытындысын алған үміткермен еңбек шартын жасасу үшін Басқармаға үміткер құжаты мен отырыс хаттамасы ұсынылады.

Басқарма үміткердің құжаттарын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес                  ДСМ-не келісуге жолдайды.

Көрсетілген бұйрықтың 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес (тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы орган) Кәсіпорынның басшысы  оң шешім алған қатысушыны тағайындау туралы ұсыныс енгізеді), келісу мерзімі көрсетілмеген, яғни Денсаулық сақтау басқармасы неше күнде келісу қажет, сонымен қатар, келісім беруден бас тартуға құқығы бар ма, әлде міндетті түрде келісу қажет пе, келісім беру кезінде қандай критерийлерді, болмаса принциптерді басшылыққа алады?

21-тармақта:

«Байқау кеңесі егер:

1) конкурстық өтінімдер қабылданбаған немесе кері қайтарып алынған;

2) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау нәтижесінде әңгімелесуге жіберілген кандидат анықталмаса немесе оң шешім алған кандидат анықталмаған жағдайда конкурсты өтпеді деп тану және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды» делінген.

Алайда, конкурс өтті деп танылуы үшін қанша үміткер құжат тапсыру қажеттілігі жазылмаған.

Сонымен қатар, аталған бұйрықта конкурсқа тапсыратын құжаттар нысаны жаңартылмаған. Мәселен, басшыларға қойылатын біліктілік сипаттамасы 26.11.2009 жылғы №791 (қазіргі уақытта күші жойылған) бұйрыққа, денсаулығы жайлы медициналық құжат нысаны 23.11.2010 жылғы №907 бұйрыққа сілтеме жасалған.

Іс жүзінде басшыны тағайындау ДСМ-нен келісім хат келіп тсүкеннен кейін жұмыс беруші актісі шығарылып келеді.

Атап айтқанда, конкурс өткізу туралы Қағидада үміткер таңдау кезінде дауыстар тең болған жағдайда, Байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылатындығы көзделген. Конкурс өткізу бойынша Байқау кеңесінің отырысы Байқау кеңесі мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде жарамды деп есептеледі (18, 19 - т.т.)

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20.02.2015 жылғы №113 бұйрығымен бекітілген Қағидасына
1-қосымшасының 4-тармағына сәйкес, Байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамнан құрылуы тиіс.

ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының ұсыныс негізінде уәкілетті органның  айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешімін қоспағанда, кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын байқау кеңесі - басқару органы құрылуы мүмкін. Аталған Заңға сәйкес байқау кеңесінің құрамы тақ санды құрап,  бес адамнан кем болмауы керек, құрамына Кәсіпорын басшысы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, яғни, ДСМ-нің өкілі кіруге тиіс.

Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығымен бекітілген. Соңғы өзгеріс 2018 жылы ғана енгізілген.

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәртіпке сәйкес Байқау кеңесінің құрамына тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы және осы бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес конкурстық негізінде сайланатын өзге де тұлғалар кіреді.

Бұл жерде де Заң нормалары уәкілетті орган актісінің нормалары                 бір-біріне қайшы келеді.

Қағиданың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға Талаптарға сәйкес келетін төртеуден аз үміткер конкурстық өтінім берсе не конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, онда Конкурстық комиссия конкурсты өткізілмеді деп санайды және қайта өткізу туралы шешім қабылдайды делінген.

Сондай-ақ, көрсетілген Тәртіпте белгілі бір себептермен өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған тұлғалар байқау кеңесі құрамынан шығарылған соң саны 5-тен азайған ретте қосымша конкурстық іріктеу жүргізу тәртібі қарастырылмаған, осылайша,  кейбір кезде байқау кеңесі мүшелері жұп санды құрап, кейбір ретте бестен аз болып қалады. Бұл өз кезегінде байқау кеңесінің объективті шешім қабылдауына кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жасау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі есебінде саналып отыр.

Кәсіпорын басшыларын тағайындау туралы №ҚР ДСМ-58/2020 бұйрықтан бөлек ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына сәйкес те жүзеге асырылады. Мәселен байқау кеңесі енгізілген Кәсіпорын басшыларын конкурстық іріктеуді байқау кеңесі жүзеге асырады делінсе, №70 бұйрықтың                    3-бөлімінде байқау кеңесімен үміткерлерді келісу тәртібі қарастырылған.

Қазіргі уақытта №70 бұйрықпен байқау кеңесі жоқ Кәсіпорын басшыларын конкурстық іріктеу жүзеге асырылып отыр.

Аталған бұйрықта Кәсіпорынның басшысы кәсіпорын басшысы лауазымында болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтетіндігі жазылған. Алайда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 26-бабының 6-тармағына сәйкес Кәсіпорын басшылары әрбір үш жыл сайын, бірақ тағайындалған сәттен бастап бір жылдан ерте емес кезеңде аттестаттаудан өтеді. Мұның өзі Кодекс пен уәкілетті орган бұйрығының қарама-қайшылығын көрсетеді.

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 27-бабына сәйкес медициналық ұйымдардың басшылары үшін менеджер сертификатының болуы туралы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап талап қойылған. Және ДСМ бұйрығымен (21.12.2020 ж №ҚР ДСМ-305/2020) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес менеджер сертификаты болуы міндетті.

         Алайда, күні бүгінге дейін менеджерлерді дайындайтын аккредиттелген ұйымдар жоқтығын Министрлік те растап отыр.

         Оған қоса №ҚР ДСМ-305/2020 санды бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптарына «және», «немесе» деген терминдер көп. Мұның өзі бір жағынан сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратынын ескере отырып, бір термин қалдыру қажет.

Басқармамен бүгінгі күні емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделуге жолдамамен жіберілген Атырау облысының тұрғындарына тегін немесе жеңілдікпен жол ақысын ұсыну қызметі көрсетілуде.

Бұл ретте, емделушілердің жолға кеткен шығындарын өтеу ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) талаптары негізінде Атырау облыстық мәслихатының  20.04.2011 жылғы            №426-IV «Азаматтарға елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы» шешімі қабылданған.

Кодекстің жаңадан қабылдануына орай облыстық мәслихаттың      21.12.2020 жылғы №481-VI шешіммен күші жойылғанымен, орнына жаңа шешім шығарылмаған.

Басқарма басшысының 2022 жылғы 7 шілдедегі №300 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделуге жолдамамен жіберілген Атырау облысының тұрғындарына тегін немесе жеңілдікпен жол ақысын ұсыну туралы ережесі» (бұдан әрі - Ереже) және емделушілердің өтініштерін қарап, қорытынды шешім шығару үшін Басқарма жанынан комиссия құрамы бекітілген.

2022 жылдың 8 айы бойынша барлығы 1640 өтініш қаралып,                           93 320 574 теңге көлемінде емделушілердің жолға кеткен шығындары төленген.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ 2020 жылғы 7 қазандағы №ҚР ДСМ-116/2020 «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес М.Қарабаев атындағы Қостанай облысының оңалту орталығына травматология-ортопедия, кардиология - кардиохирургия, неврология - нейрохирургия профильдері бойынша және коронавирусты пневмонияға шалдыққан науқастар Басқарманың жолдамасы негізінде,  «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ХОБЛ)», бронхиалды демікпе (бронхиальная астма) аурулары бойынша емдеуге жатқызу порталы арқылы ҚР ДСМ «Бурабай» ШЖҚ РМК-на жолданады, балалар ҚР ДСМ «Алатау» балаларға арналған  клиникалық санаторий» ШЖҚ РМК-на жолданады.  Қостанай облысының оңалту орталығына және «Алатау» балаларға арналған клиникалық санаторийге жолдаманы емханалар салады, ақшасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен өтеледі, ал, Бурабайға жолдама Басқармамен беріледі.

Осы орайда, жоғарыда аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге ұсыну қажет.    

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 қарашадағы                                            №ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған бұйрыққа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша шағымдану құқығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мен алушыға берілген.

Басқарманың жұмыс тәжірибесінде келесідей жағдай орын алған:

Өткен жылдың аяғында Қызметкермен еңбек шарты бұзылады.  Алайда, қызметкер сол күні жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жедел жәрдем қызметін шақырады, содан соң дабыл парағы негізінде келесі күннен бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағын аштырады.

Содан соң Қызметкер еңбек инспекциясына шағым түсіріп, мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру тағайындалып, басқармаға жүргізілген тексеріс нәтижесімен еңбек инспекторы нұсқамасында сот арқылы шағымданбаған, заңды күшке ие еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ашылған деп жазады.

Осылайша еңбекке уақытша жарамсыздық парағының негізсіз                       ашылуы Басқарма басшысы бұйрығының заңды шығарылғандығына күмән тудырады. Осылайша, Басқарманың заңды мүддесіне кесірі тиді деп есептеп, Басқармамен облыстық ауданаралық әкімшілік сотына Қызметкерге берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылу мерзімін өзгерту және еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ашылған күнін жою туралы талап арыз жолданып, нәтижесінде сот отырысы барысында еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қағида талаптары бұзыла отырып, ашылғанымен, Қағида талаптарына сәйкес Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші немесе алушы болып табылмайтындықтан талап арыз қанағаттандырудан бас тартылды.

Негізсіз еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашу бойынша қызметкердің әрекеті тексеруші орган тарапынан жұмыс берушінің заңдылығына қатысты күмән тудырады, сәйкесінше Жұмыс берушінің мүддесіне залал келтіріп отыр.

Осы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыс берушілерге де шағым түсіру құқығын беру жөнінде өзгеріс енгізу қажет.

Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша уәкілетті органдарға басқарма басшысымен ұсыныс хаттар жолданғанын ескере келе ұсыныс хаттарды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен жолдау қажет.

Ұсынылады:

- Басқарма туралы ережеге Кодекске енгізіліп, 1 шілдеден бастап күшіне енген өзгерістер бойынша тиісті функцияларды қосу қажет  (мерзімі: қазан айының 30-на дейін);

- Денсаулық сақтау министрлігіне конкурс өткізу туралы Қағидаға үміткермен еңбек шартын жасасу және бұйрық қабылдау мерзімін көрсету, келісу мерзімін өзгерту, т.б жөнінде өзгерістер енгізу үшін қайталап, облыс әкімі орынбасарымен хат жолдауға (мерзімі: қыркүйек айының 20-на дейін);

- Ұлттық экономика министрінің 20.02.2015 жылғы №113 бұйрығымен бекітілген Қағиданың талаптарына Байқау кеңесінің мүшелерінің санын көбейту немесе белгілі бір себептермен саны азайғанда қосымша конкурс өткізу мәселесі бойынша ұсыным хат жолдауға (мерзімі: қыркүйек айының 20-на дейін);

 - Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну қызметін, оңалту орталықтарына жолдама беру туралы қызметті, М.Қарабаев атындағы Қостанай облысының оңалту орталығына, ҚР ДСМ «Бурабай» ШЖҚ РМК-на және ҚР ДСМ «Алатау» балаларға арналған клиникалық санаторий» ШЖҚ РМК-на жолдауды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыну;

- «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыс берушілерге де шағым түсіру құқығын беру жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы                            18 қарашадағы  №ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ұсыным енгізу;

- ҚР ҰЭМ - нің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына басшыларды тағайындау және аттестация жүргізу бөліктеріне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс беруге;

- ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарын қайта қарастыру туралы уәкілетті органға ұсыныс беру;

- Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну бойынша жаңадан мәслихат шешімін қабылдау

  (қазан айының 30-на дейін)

***

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару

Басқармада мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 21 бірлікті құраса, оның ішінде бос лауазымдар саны 3 бірлікті (тұрақты) құрайды.

2022 жыл басынан 4 қызметкермен жеке арыздарына сәйкес, еңбек шарттары бұзылды.

Аталған мерзім ішінде 5 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған, мерзімінен бұрын алынған.

Бүгінгі күні (01.07.2022ж жағдайымен) медицина кадрларының тапшылығы 220 бірлікті құрады. Аса қажет деп танылған мамандықтар бойынша қажеттілік: 24 анестезиолог-реаниматолог,    23 акушер-гинеколог,                              14 инфекционист, 12 педиатр, 62 жалпы тәжірбиелі дәрігер қажет.

          Бұл ретте, а.ж. басынан бері дәрігерлер тапшылығы 19 бірлікке  ұлғайды (2021 жылдың қорытындысы бойынша - 201.).

         Басқармаға бағынысты 36 медиицналық ұйым бар. Оның 3-уі  («Атырау облыстық офтальмология ауруханасы» ШЖҚ КМК 2018 жылғы 17 қазандағы №2 шартымен,  «№2 қалалық емханасы» 2018 жылғы 24 желтоқсанда МЖӘ серіктестігі  жобасымен, «Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы» ШЖҚ КМК 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Б/Н/253/4 шартына сәйкес) сенімгерлік басқаруға берілген.

         25 медициналық ұйым басшылары тағайындалған болса, олардың 4-уі зейнеткерлік жаста.

         ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, конкурстық рәсімдер Байқау кеңестері арқылы өткізілсе, 1 мекеменің басшысының бос орнына үміткерлердің конкурстан өтпеуіне орай, басшы орнында міндетін атқарушы отыр.

         Медициналық ұйым басшыларының бір лауазымда 5 жылға жуық немесе одан да ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқаны бойынша мониторинг жүргізілді, 5 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта қызмет етіп келе жатқан бастапқы           медико-санитариялық ұйымда - 2,  стационарлық ұйымда - 2,  мамандандырылған ұйымдарда -  5.

          Жыл басынан 4 медицина ұйымы басшылары жұмысқа қабылданды.

         Кәсіпорындардағы Байқау Кеңестерінің қортындысымен ҚР ДСМ келісімімен 3 медицина ұйымы басшылары тағайындалып, 1-уіне ДСМ келісім бермеуіне орай тағайындаудан бас тартылды.

         Бір лауазымда бірнеше жыл ұзақ отыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келетінін ескеріп, қазіргі уақытта қолданыста денсаулық сақтау ұйымдары басшыларына ротациялау заңнамалық актімен реттелмегендіктен, ротация жасау жөнінде нормативті-құқықтық актінің қабылдануы аса қажет болып отыр.

Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 11 медиицна ұйымдарының басшыларына тәртіптік шаралар қолданылған. Мерзімінен бұрын түсірілгендер болмаған.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тапсырмасына сәйкес, Агенттіктің аумақтық департаменттерімен Заңның нормаларының сақталуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг нәтижесімен мемлекеттік қызметкерге теңескен мемлекеттік орган басшысы ретінде кәсіпкерлік субьектісі тіркелгендіктен, бір басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Аталған бұзушылықтардың алдын алу мақсатында медицина ұйымдары басшыларына ескерту хат жіберілген.

          Ұсынылады:

-қызметкерлердің жазасын мерзімінен бұрын алу уақытын ҚР Еңбек Кодексіне көрсету туралы уәкілетті органдарға ұсыныс беру (мерзімі:                         10-қыркүйекке дейін);

          - 5 жылдан жоғары бір лауазымда отырған  медициналық ұйымдар басшыларының ротациялауды заңдастыру туралы уәкілетті органға облыс әкімінің орынбасарымен ұсыныс жолдау (мерзімі: қыркүйек айының 20-на дейін).

                                                                              ***

 

         Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Басқармамен және облыстағы медициналық ұйымдармен 19 түрлі медициналық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде жоғарыда аталған қызметтердің тек 3-уі ғана толық электронды, 15-і баламалы (электронды/қағаз) және 1-уі қағаз түрінде көрсетіледі.

***

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бұлтты құжат айналым (ОДО) базасы арқылы және «E-otinish» арқылы 2022 жылдың 8 айы бойынша                       389 өтініш, ОДО арқылы   92 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің ішінде азаматтық заңнамаға сәйкес келісім шарт тараптары болып табылатын медициналық ұйымдардың шарт міндемелерін орындамауы, дәрігерлердің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым, еңбек қатынастары бойынша мәселелер, т.б көтерілген.

          Ұсынылады:

         - медициналық ұйымдардың күту орындарында, әлеуметтік желілерінде, интернет сайттарында және БАҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде, бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберуге жататын аурулар тізбесіне жататын ауру түрлері және Қазақстан Республикасының емдеу-сауықтыру ұйымдарына емделу үшін жолдама беруге жататын аурулар тізбесі, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі және тегін кепілдік берілген медициналық көмектер тізбесі туралы, дәрігерлердің қабылдау уақыты мен дәрігерлерге онлайн жазылу мүмкіндігі туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, ақылы қызметтер туралы, т.б халықтың медициналық медициналық көмекті алумен байланысты нақты ақпараттарды жариялануын қамтамасыз ету (мерзімі: үнемі);

          - учаскелік дәрігерлердің өздерінің қарау учаскесі бойынша емделушілердің назарына оларға тегін кепілдік берілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар және тегін кепілдік берілген медициналық көмектер туралы ақпараттарды жеткізуге, скринингтен уақтылы өтуіне, шаралар алуға (мерзімі: үнемі);

***

         Мемлекеттік сатып алу

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы 03.01-23.06.2022 аралығында мемлекеттік сатып алу веб-порталына 98 лот жоспарланып, 1316998015,33 теңге қаражат бекітілді. Қазіргі күнде 115 келісім-шарт жасақталды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың 18-ші сәуір №7427180-1 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу жариялаған болатын. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметке әлеуетті өнім берушілер:

1) «Өркениетті Қазақстан»;

2) «Қазақстан еріктілері лигасы ҚҚ»;

3) «Институт общественного здравоохранения» ЖММ;                                        4) «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциясы» Заңды тұлғалар бірлестігі ЖСН 991 240 005 539 қатысты.

Жеңімпаз болып №523401329-ГСЗ1 «Институт общественного здравоохранения» ЖММ, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциясы» Заңды тұлғалар бірлестігі айқындалды.

Алайда, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті» РММ-нен 2022 жылғы 15-ші маусымда №231010000-ГСЗ-26/1175650/176649 хабарламасы келіп түсті. Хабарламада төменде көрсетілген заңбұзушылықтар анықталған:

- ұйымдастырушы КО 1-қосымшасының 3,5-тармақтарының бұзуы ұпайлар «Өркениетті Қазақстан», «Қазақстан еріктілері лигасы ҚҚ», «Институт общественного здравоохранения» ЖММ, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциясы» Заңды тұлғалар бірлестігі әлеуетті жеткізушілеріне заңсыз қолданылған. Яғни, ұпайлар қате қолданылған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде анықталған бұзушылықтар жоюға жататындығы анық көрсетілген. Осыған орай, Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаны негізге ала отырып әлеуетті өнім берушілерге балдық жүйені қайта қарау қарастырылды. Жеңімпаз ретінде «Институт общественного здравоохранения» ЖММ танылды.

Заң бұзушылықтар камералды бақылау нәтижесінде өз уақытында сапалы орындалды.

Ағымдағы жылдың 8 айында Ішкі мемлекеттік аудитпен және тексеру комиссиясымен аудит жүргізіліп, нұсқамалар берілген.

Атап айтқанда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның      2022 жылғы 18 сәуірдегі №30 бұйрығымен бекітілген                                 01.01.2021-31.12.2021жж аралығына жүргізілген аудиторлық қорытындысымен 94 187,9 мың теңгенің қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары аудит кезінде бухгалтерлік жазбалар беру арқылы есеп бойынша көрсету арқылы қалпына келтірілген.

Мекеменің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде сомасы 146,1 мың теңгенің басқа да активтері көрсетілмеген.

Атырау облысы Тексеру комиссиясының 2022 жылғы 4 мамырдағы №1 нұсқамасына сәйкес Басқармаға жүргізілген аудит нәтижесімен 359 748,2 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 4 657,4 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 315 612,2 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 39 478,6 мың теңге. Сонымен қатар, рәсімдік бұзушылықтар саны 40 бірлік. Өтелуге жататын 4 657,4 мың теңгенің аудит барысында 382,6 мың теңгесі өтелген. Бүгінгі күні нұсқама кезең-кезеңмен орындалуда.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 20 шілдедегі шешімімен Атырау жоғары медициналық колледжіне мемлекеттік тапсырыс бойынша артық төленген (оқудан шығарылған студенттер үшін) 26 826 500 теңгені жергілікті бюджет есебіне өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылғы 4 мамырдағы №4 нұсқамасының 1-тармағының күшін жойып, негізсіз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылды.

Талап қоюшы Атырау облысы Денсаулық басқармасы «Атырау жоғары медицналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жауапкер  «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2022 жылғы 4 мамырдағы №2 нұсқаманың 1- тармағының күшін жойып, жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылған.

Медициналық құрылғыларды сатып алуға қатысты тендер қорытындысымен келіспеген әлеуетті өнім берушінің талап арызы негізінде ӘРПК – не сәйкес 3 сот отырысы өткен:

2022 жылдың 16 ақпанында Басқармамен медициналық құрылғыларды сатып алу тендерін өткізу туралы хабарландыру жарияланған. 23 ақпанда ҚР ДСМ-нен медициналық техникаларды «СҚ-Фармация» ЖШС базасында орталықтандырылып сатып алуға көшкенге дейін медициналық техникаларды сатып алуды тоқтата тұру туралы хат келген.

Халық сұранысын қанағаттандыру, оларды уақтылы және сапалы  медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне жарияланған тендерді одан әрі ҚР Үкіметімен бекітілген Қағидаға сәйкес өткізіліп жатқаны және орын алған мәселе шешім шығаруға ықпал ету туралы 28 ақпанда және 16 наурызда облыс әкімі орынбасарларымен хаттар жолданған.

Жоғарыда аталған хаттан басқа уәкілетті органдармен Бірыңғай дистрибьютормен медициналық құрылғыларды орталықтандырып сатып алу рәсімін  реттейтін нормативтік құқықтық құжат қабылданбаған.

Медициналық құрылғыларды сатып алу ҚР Үкіметінің 2020 жылғы                     4 маусымдағы №375 қаулысымен жүзеге асырылады. Аталған қаулының нормаларына сәйкес сатып алу рәсімін тоқтату негіздемелері көрсетілмеген. Көрсетілген қаулыға тек 2022 жылғы 11 мамырда ғана бағасы 20 000 000-ға дейінгі медициналық құрылғылар бюджет әкімшісінің келісімімен Тапсырыс берушілермен алныатындығы, ал 20 000 000-нан астам соманы құрайтын медициналық құрылғылардың бірыңғай дистрибьютормен орталықтандырылып сатып алынатындығы көрсетілген. Енгізілген өзгеріс тек 4-маусымда ғана күшіне енген.

Өткізілген тендер бойынша мамырда бір әлеуетті өнім берушінің арызы негізінде Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексеру жүргізіліп, арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Өтініштің қаралуымен келіспеген әлеуетті өнім беруші Басқарманы және ДСМ-нің әрекеттеріне шағымданып Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік ауданарлық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылды, аталған шешімге берілген апелляциялық шағым 22 шілдедегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған.

Ұқсас талаппен Басқарманы, Ішкі мемлекеттік аудит департаментін, Ішкі мемлекеттік аудит Комитетін сотқа беріп, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік ауданаралық сотының 2022 жылғы 18 тамыздағы шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сондай-ақ, аталған қаулыға өзгерістер еніп, сатып алуды қағаз нысанынан электронды нысанға көшіріп, веб портал арқылы сатып алу көзделген болатын. Алайда, тиісті өзгерістер енгізілгенімен, веб портал әлі күнге дейін іс жүзінде жүзеге асырылмағандықтан қайтадан қағаз нысанға ауыстыру туралы шешім қабылданып, тиісті өзгерістер енгізу туралы қаулы жобалары тиісті сараптамалардан өтуде.

Бұл ретте, сатып алуды өткізуге жауапты маман тиісті заңнамалық актіге енгізілген өзгерістерді жіті қадағалап отыруы тиіс.

      Ұсынылады:

      - есеп жүргізумен және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын жауапты мамандардың белгілі бір реттеуші заңдарға өзгерістер енуімен байланысты біліктілігін арттырып отыру, жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу және мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарды салалас мемлекеттік органдардың тиісті бөлімдеріне тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасуға жіберіп отыру                                 

                                                                                  (мерзімі -  жоспарға сәйкес)

      - уәкілетті органдармен жүргізілген тексеру қорытындыларындағы заңбұзушылықтарды болдырмауға, алдын алуға шаралар алуға                         

                                                                                                     (мерзімі - үнемі)

 

***

Сот отырыстары туралы

2022 жылдың өткен мерзімі бойынша Басқарма тарап ретінде 18 бірінші сатыдағы сот отырысына, 6 апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысқан. Оның ішінде 8 іс бойынша жауапкер, 2 іс бойынша талапкер, 8 іс бойынша мүдделі тұлға ретінде қатысқан. Оның ішінде 4-уі ҚР ДСМ 2021 жылғы                                   26 тамыздағы №ҚР ДСМ-93/2020 санды бұйрығымен (11.10.2021 жылғы №102 бұйрықпен күші жойылған) коронавирустық инфекциямен күресуге жұмылдырылған медициналық қызметкерлерді көтермелеу ақысының азаюымен байланысты.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы шығарылымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы талаптарының орындалуы.

      Облыс көлеміндегі медициналық ұйымдардың басым көпшілігінде баспасөз қызметіне жауапты мамандар айқындалған. Баспасөз мамандары жоқ ұйымдарға баспасөзге жауаптылық негізгі қызметкерлерге қосымша жүктелген. Баспасөз қызметінің міндетіне медициналық ұйымдарда болып жатқан жаңалықтар мен жайттар туралы интернет ресурс пен әлеуметтік желілер арқылы халықты ақпараттандырып отырады.

Облыстағы медицина саласына қатысты мақалалар орын алған.

Мысалы, төмендегі БАҚ сілтемелері:

http://youtu.be/bKBmW75Y7V0

https://youtu.be/mvvzViggrt0

https://youtu.be/5e3bXqwu7pA

Ұсынылады:

      -БАҚ шығарылымдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, жарияланған сыни шығарылымдарда көрсетілген фактілерге жедел әрекет жасауды қамтамасыз етуге, баспасөз қызметіне жауапты мамандардың қызметін күшейту, Басқарманың және басқармаға бағынысты кәсіпорындардың ресми интернет ресурстарын, әлеуметтік желілерін халыққа және қоғамға тиімді ақпараттармен жаңартып отыру (мерзімі: үнемі);

      - Басқармаға бағынысты ұйымдардың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстарын сапалы жүргізіп, нәтижесін Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлық департаментіне жолдануын қамтамасыз ету  (мерзімі: жоспарға сәйкес).

         А.Рсқалиева   Басқарманың бөлім басшысы;
         Г.Нургалиева   Басқарманың бөлім басшысы
         Б.Ташенова   Басқарманың бас маман заңгер;
         А.Айткалиева   Басқарманың бас маманы;
         Н.Супалдиярова  

 

Басқарманың бас маманы

 

Басқарма басшысының

уақытша міндетін атқарушы

__________________ Қ.Абдалиев

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру

Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:

1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;

2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері;

5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;

6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.

3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

 

2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ

6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;

6) қаржылық бақылауды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;

8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;

9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;

11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;

13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.

5. Осы баптың ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай бағыттар:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

3. Осы баптың 2-тармағының күші мына салалардағы қатынастарға:

1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;

2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге;

3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге;

4) сот төрелігіне;

5) жедел-іздестіру қызметіне;

6) қылмыстық-атқару қызметіне;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.

4. Осы баптың 2-тармағының ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.

5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.

РҚАО-ның ескертпесі!

11-баптың 9-тармағының қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңының 27-бабынан қараңыз.

11-бап. Қаржылық бақылау шаралары

1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:

1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;

2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

2. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін ұсынады.

3. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:

1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.

4. Есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.

5. Активтері мен міндеттемелері туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен ұсынылады.

6. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы туралы мәлімет салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен орналастырылады.

8. Мыналардың:

осы баптың 2-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – тіркеуден бас тарту немесе тіркеу туралы шешімдердің күшін жою үшін негіз болып табылады;

осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

9. Мыналар:

1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

2) «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);

4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялануға жатады.

Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады.

10. Осы баптың 7-тармағының және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қолданылмайды.

11. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесі құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

12. Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін, осы бапта көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

13. Қызметтік және салықтық құпияны құрайтын мәліметтер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

Ескертпелер.

1. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар деп – аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар танылады.

2. Осы бапта ұйымдық-өкімдік функциялар деп – адамдардың заңнамада және құрылтай құжаттарында көзделген, ұйымның атқарушы органының өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Осы функцияларға ұжымды жалпы басқару, кадрларды іріктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегін ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданудан көрінетін, тәртіпті қолдау жатады.

3. Осы бапта әкімшілік-шаруашылық функциялар деп – толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардың берілген өкілеттіктер шеңберінде мүлікті, оның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оған билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

2. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.

4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда), лауазымды адамдарға:

1) егер шаруашылық етуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге;

2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады.

2. Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйымдарда басқарушылық функцияларын орындайтын адамдар Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымды атқаруға құқылы.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар өздеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын үйді мүліктік жалдауға (жалға) беруге және осындай тапсырудан кіріс алуға құқылы.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лауазымға тағайындалғанға дейін сатып алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, осы функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

6. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландыруға жатады.

7. Акцияларды сатып алған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сатып алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) шартты нотариат куәландырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін ұсынуға міндетті.

8. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерде қызметін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) және лауазымды адамдардың осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамауы, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.

Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі.

15-бап. Мүдделер қақтығысы

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:

1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

16-бап. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

1. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:

1) шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;

2) адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;

3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;

4) іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдау;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.

2. Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әзірлеуі және қабылдауы мүмкін.

17-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама – сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжат.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президентіне енгізу және жариялау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

3-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

18-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.

19-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктерге ие болады.

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мынадай функцияларды:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды;

2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауды;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізуді;

4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы, әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді;

5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауын мониторингтеуді;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асырып, оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейіннен жариялауды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеуді және таратуды;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесуді және әдістемелік көмек көрсетуді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;

12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган өзіне жүктелген функцияларды орындау кезінде:

1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалдарды сұратады;

2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртіппен белгіленген шараларды қабылдайды;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу тәртібін айқындайды;

3-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады және істерді қарайды;

4) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз өкілеттіктері шегінде:

1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің практикасына, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге талдау жүргізуге;

2) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақырту бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге;

3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе алуды жүргізуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;

5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен, мән-жайларды немесе заңды басқа да бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынулар енгізуге;

6) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етуге;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіруге, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;

9) өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерттеуді, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыруға;

10) ұстап алынған және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруге;

11) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

22-бап. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды адамдардың өкілеттіктері

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.

23-бап. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы

Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:

1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;

7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.

24-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау

1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді.

2. Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

4-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ

25-бап. Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын өндіріп алу (қайтару)

1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда, оларды өндіріп алу прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша, заңды күшіне енген сот шешiмi негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар сот шешiм шығарғанға дейiн құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не осыған заңмен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар заңсыз алынған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құнын мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюымен заңда белгіленген мерзімдерде сотқа жүгінеді.

3. Егер жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамнан, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамнан және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адамнан және лауазымды адамнан жұмыстан шығару, тиісті функцияларды орындаудан өзгедей босату кезінде заңсыз алынған мүлік немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құны өндіріліп алынбаса, осындай босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды адам немесе орган кінәлі адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына құқыққа қайшы алынған кірістер туралы хабарлама жібереді.

4. Тапсырылған мүлікті қайтару, есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

26-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелердің, шарттардың, актілердің және әрекеттердің жарамсыздығы

1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың, мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен сот жарамсыз деп таниды.

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде актілерді қабылдау және әрекеттерді жасау тиісті актілердің күшін жоюға (қолданысын тоқтатуға) уәкілеттік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен олардың күшін жою (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады.

 

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

27-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң:

1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-бабының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12 және 13-тармақтарын;

2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-бабының 9-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«9. Мыналар:

1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

2) «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);

4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялануы мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады.».

3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«11-бап. Қаржылық бақылау шаралары

1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:

салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi кірістері мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;

мыналар:

банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;

жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi, айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәлiметтердi ұсынады.

2. Мемлекеттiк лауазымдағы адамдар өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

3. Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына:

салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi кірістері мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;

мыналар:

банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;

жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi және айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi ұсынады.

5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегi де кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.

6. Арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына осы баптың 4-тармағында көрсетiлген декларация мен мәлiметтердi ұсынады.

Ескертпе. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi деп жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.

7. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдар – тиiсiнше өздерi лауазымға орналасуға үмiткер болатын органға не жұмыс орны бойынша органға осы баптың 1 немесе 5-тармақтарында санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттiк кiрiс органының алғаны туралы анықтаманы ұсынады.

8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық емес, анық емес декларациялар мен мәлiметтердi ұсынуы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғады.

9. Осы баптың 8-тармағында көрсетiлген, қасақана жасалған, сондай-ақ бiрнеше рет жасалған іс-әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қолданылатын әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

10. Адамдар мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген функцияларды орындаудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 8-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер, сондай-ақ мұндай әрекеттердi қайталап жасау заңда белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

11. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың кірістерінің мөлшерi және көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк лауазымға ұсынылған кезiнде кандидаттардың кірістері туралы мәлiметтер заңнамада белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.

12. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.

13. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде, мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесi құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсынады.

14. Мемлекеттiк кiрiс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан шығаруға әкеп соғады. Бұл мәліметтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің сұрау салуы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген сот тәртібімен ғана ұсынылады.

Қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген мақсаттарда және тәртiппен қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер ұсынылады.

15. Осы бапта көзделген қаржылық бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын меншiкке сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржылық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев