Жалпы ақпарат

«Атырау облысы

Денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ережені бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы        1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                                  Н.Ноғаев           

 

Атырау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «__»_________

№___ қаулысына

қосымша

 

Атырау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «__»_________

№___ қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Басқарманың миссиясы Атырау облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты орындау болып табылады.
  2. Міндеттері:
  • денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
  • азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
  • халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
  1. Функциялары:
  • денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:

амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;

стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

  • медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;
  • мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  • мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
  • денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;
  • төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  • денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
  • гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
  • халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
  • азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
  • ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
  • уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  • денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
  • қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;
  • белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  • сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметті, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
  • тұрғындардың шағымдарын, өтініштерін қарап, қажетті шаралар қабылдайды;
  • медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;
  • медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізеді;
  • фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
  • тіндердің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
  • «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асырады;
  • бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметтерінің басым бағыттарын және міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемін айқындайды;

33) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

34) тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

35) тиісті саладағы мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

36) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

37) өзіне бағынысты ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен және өзге нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген тиісті саладағы уәкілетті органның функцияларын атқарады;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:
  • өз құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан медициналық ұйымдардан, азаматтар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;

2) өңірлік бағдарламалар шеңберінде азаматтар денсаулығын сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

3) Басқарманың ұйымдастыру қызметін және материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) денсаулық сақтауды дамытуға елеулі үлес қосқан медициналық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынады.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын, орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

4) штаттық кестені және Басқарманы ұстауға бөлінген төлем қоры және штат саны лимиті шегінде шығыстар сметасын бекітеді;

5) заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу мәселелерін шешеді;

6) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, шарттар жасасады, сотта, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда оның мүддесін білдіреді;

7) Басқарма қызметкерлері және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тұрғындардың жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

9) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Басқарманың мүлкі

 

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

  • «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық офтальмология ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

2) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

3) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Атырау қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

4) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық онкология диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

5) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

6) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

7) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

8) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

9) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

10) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау қалалық перзентханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

11) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№3 Атырау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

12) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№4 Атырау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

13) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№5 Атырау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

14) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Геолог емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

15) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№7 Атырау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

16) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Махамбет аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

17) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жылыой аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

18) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Индер аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

19) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Исатай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

20) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

21) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Мақат аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

22) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

23) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

24) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

25) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық наркологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

26) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

27) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

28) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

29) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

30) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық өкпе аурулар санаториясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

31) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

32) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

33) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

34) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Дамбы дәрігерлік амбулаториясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

35) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

36) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

 

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

 

1) «Орталық нерв жүйесі зақымдалған балалар үшін арнаулы Сәбилер үйі» мемлекеттік мекемесі;

2) «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Арнаулы медициналық жабдықтау базасы» коммуналды