31.03.2022
Хабарландырулар
Тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды сатып алуды қайта өткізу туралы хабарландыру «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Атырау қаласы, Айтеке би көшесі, 77 үй мекен жайында орналасқан oblzdrav_atyrau@mail.ru Денсаулық сақтау басқармасы, 2022 жылға дәрілік заттар сатып алу бойынша қайта тендер өткізуіне байланысты тендерлік өтінімдерді беру мерзімі 2022 жылғы 14 сәуірге дейін. Сатып алуға жалпы бөлінген сомма-ТҚ-ның №1 қосымшасында көрсетілген. Жеткізу орны- ТҚ-ның №1 қосымшасында көрсетілген. Тендерлік құжаттама пакетін Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Айтеке би 77, Облыстық әкімдік ғимараты, 3 қабат, 303 кабинет мекен-жайы бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін 2022 жылғы 13 сәуірге дейінгі мерзімде немесе gos_oblzdrav@mail.ru почтасымен алуға болады. Тендерлік өтінім ұсынудың ақырғы мерзімі 2022 жылдың 14 сәуір сағат 10.00-ға дейін. Тендерге қатысу туралы тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2022 жылдың 14 сәуір сағат 11.00-де Атырау облысы, Атырау қаласы, Айтеке би 77, Облыстық әкімдік ғимараты, 3 қабат, 302 кабинетте ашылатын болады. Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуына болады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 7122 270928 телефоны бойынша алуға болады.