Басшының блогы

Сәлеметсіздер ме, құрметті блог оқырмандары!

Менің жеке блогыма қош келдіңіздер! Мен Сіздермен денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қатысты сұрақтарды талқылауға дайынмын.

Біз мұнда Сіздермен тікелей байланыс орнатып, сіздердің ұсыныстарыңыз бен идеяларыңызды талқылап, орын алған мәселелердің ортақ шешімін табуға тырысамыз. Мен сіздердің тараптарыңыздан келген сұрақтардың барлығын назарда ұстайтын боламын.

Біз бірлесе отырып Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жақсартып, отандық медицина деңгейін үздік әлемдік стандарттарға көтеретінімізге, қоғамымыздың гүлденуіне үлес қосатынымызға сенімдімін!

Құрметпен,
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Аймурзиева Маншук