Геолог емханасының жаңа құрылымдық бөлімшелердің ашылуы.

 

Бүгін, 2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Атырау облыстық
денсаулық сақтау басқармасының Геолог емханасында елеулі оқиға болды.

Геолог емханасының құрылымында шұғыл медициналық
бөлімшесі ашылды. Сондай-ақ, емхананың заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған
оңалту орталығы менемханада енгізілген «электронды кезек» жүйесі іске таныстырылды.

Осы қуанышты оқиғаға орай ұйымдастырылған салтанатты
шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының, республикалық электронды денсаулық
сақтау орталығының облыстық филиалының, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары,
демеуші мекемелердің өкілдері қатысты.

Емхананың шұғыл медициналық бөлімшесі ҚР Денсаулық сақтау
министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 «Қазақстан Республикасында жедел
медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жедел және кезек күттірмейтін медициналық
көмек бойынша
шақыртулардың 4 санаты - жіті
сырқатынанан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен
жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларсыз науқастың өмірі
мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі
 бойынша күту уақыты 60 минутқа дейінгі
шақыртуларға тәулік бойғы шұғыл медициналық қызметтер көрсететін болады.

Сондай-ақ, Геолог емханасында заманауи құрал-жабдықтармен
жабдықталған «Мейірім» медициналық оңалту орталығы жұмыс жасауда.

Оңалту орталығында:

- ЛФК- дене шынықтыру кешенді залы;

- Шарко душы, гиромассаждық ваннасы, циркуляциялық және
астынан шашылатын душтары бар сумен емдеу залы,

- инсульттен кейінгі адамдарға, ДЦП диагнозымен
балаларға, жүру-тұру қозғалыстары қиын мүмкіншілігі шектеулі адамдарға арналған
белсенді механотерапия жабдықтары, эрготерапия, логопед, психолог, массаж жасау
кабинеттері жұмыс жасауда.

Емханада қызмет көрсету сапасын жақсарту, кезек күтуді
және персонал жүктемесінің шамадан тыс болуын төмендету мақсатында, сондай-ақ, кезектерді
басқарудың заманауи технологияларын енгізу негізінде «электронды кезек» жүйесі енгізілген.
Емханаға барлығы 42 электронды кезектің таблосы орнатылған, тағы 12 кабинетке
табло орнатылатын болады. Пациенттер көп келетін 10 кабинет терминалға
қосылған, қазір тар бейінді мамандардың кабинеттері қосылуда, кейін учаскелік
дәрігерлердің кабинеттері қосылатын болады.