Облыста ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған симуляциялық-аттестациялық орталық ашылуы жоспарлануда

6 ақпанда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аймурзиева Мәншүк Құдайбергенқызы Атырау медициналық колледжі базасында ситуациялық орталықтың жұмысына анализ жасады. Ситуациялық орталық қызметі – қалалық ауруханалар мен емханалардың қызметіне цифрлы бақылау жүргізу, қанша науқасқа қызмет көрсетілгенін, дәрігердің жұмыс кестесінің жүктемеге сәйкестігін, емханаға кезекке тұрған тұрғындардың кезегін күнделікті қадағалау.
Ситуациялық орталық жұмысын қарап өткеннен кейін басқарма басшысы М.Қ.Аймурзиева Virtumed симуляциялық орталықтарды жобалау және жабдықтау компаниясының бас директоры, дәрігер Мәскеу қаласынан келген Анатолий Евгеньевич Веревкинмен кездесу ұйымдастырып, облыста ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған симуляциялық-аттестациялық орталықтың ашылуын жоспарлап, жұмыстың жүру бағдарламасын талқылады.