Басқарманың штаттан тыс мамандары конференцияда ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған симуляциялық-аттестациялық орталықтың жұмысын талқылады

Бүгін, яғни 7 ақпанда Атырау медициналық колледжінде Virtumed симуляциялық орталықтарды жобалау және жабдықтау компаниясының бас директоры А.Е.Веревкиннің қатысуымен «Значение симуляционного обучения для повышения качества оказания медицинских услуг» тақырыбында конференция өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Амангелдіұлы Утешев ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған симуляциялық-аттестациялық орталықтың құрылымы жобалануын айтып өтіп, Анатолий Евгеньевич Веревкин орталықтың құрылымын, жұмыс жасайтын мамандар қызметі мен жұмыс техникасын түсіндіріп өтті. Шараға Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс мамандары, Атырау медициналық колледжінің директоры Кубаева Лаура Жақсыгелдіқызы, Атырау облыстық перинаталдық орталығының директорының м.а. Сабырғалиева Альмира Талапқызы, Атырау қалалық перзентханасының директоры Дюсупова Гүлзинеп Сүйінғалиқызы, Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Кенжеғалиев Асқар Тілекқабылұлы, Орталық нерв жүйесі зақымдалған балаларға арналған Сәбилер үйінің директоры Баймуханова Раиса Ғиылманқызы, Атырау облыстық кардиологиялық орталығының анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Қадыров Жангелді Есенжанұлы, Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігер неонатологы Бегеева Түрлен Мүздиқызы, Атырау облыстық ауруханасының анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Нұрғалиева Ғалия Сағынбайқызы, Атырау медициналық колледжінің Мейіргер ісі бөлімінің меңгерушісі Аймұратова Сәуле Серікқызы және медициналық колледж оқытушылары қатысып, орталықтың кең көлемде жұмыс істеуі мүмкіншіліктеріне қатысты сұрақтарды қарастырды.