Бизнес құрылым басшыларына семинар

2018 жылдың алтыншы ақпанында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында бизнес структураларының басшыларының қатысуымен семинар өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Г. Умарова «АИТВ инфекциясынан сіздің бизнесіңізге қауіп жоқ» тақырыбында баяндама жасады. Бизнес басшыларына жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік (ЖБҚ) көрсеткіші, жыл сайын АИТВ жұқпасы туралы білім деңгейі сауалнама арқылы бағаланатынын, АИТВ-ның бизнес жүргізуге еш ықпалы жоқ екендігіне аса көңіл аудару қажеттігін түсіндірді.