Атырау медициналық колледжіндегі өңірлік симуляциялық орталығы жанынан ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған симуляциялық аттестациялық орталық ұйымдастырылып, жоғары теxнологиялық электронды манекен-тренажерлар алынды

Атырау облысындағы ана мен бала денсаулығын қорғау, ана өлімін болдырмау, сәбилер өлімі көрсеткішін төмендету және облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмысын жақсарту мақсатында Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Аймурзиева Мәншүк Құдайбергенқызының бастамасымен Атырау медициналық колледжіндегі өңірлік симуляциялық орталығы жанынан ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған симуляциялық аттестациялық орталық ұйымдастырылып, жоғары теxнологиялық электронды манекен-тренажерлар алынды. Бұл манекендер адам ағзасының физиологиясына сәйкес жарақтандырылған және ана мен балада туындайтын шұғыл жағдайларды анықтап, дер кезінде шұғыл көмек көрсетуге бейімделген. Бұл болашақта өңірдегі медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және медицина саласының мәртебесін арттыруға зор мүмкіндік тудырып отыр.
Қазіргі уақытта Атырау медициналық колледжі дәрігер оқытушылары, облыстық перинаталдық орталық және қалалық перзентхананың медициналық қызметкерлері 2018 жылдың 5-8 тамыз аралығында Virtumed симуляциялық орталықтарды жобалау және жабдықтау компаниясының бас директоры, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер Анатолий Евгеньевич Веревкиннен манекендермен жұмыс жасап үйренуде.