Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы, Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің ректоры және Атырау медициналық колледжі директоры үш жақты меморандумға қол қойды.

Медициналық жоғары оқу орындары мен медицина колледждерімен байланыс орнату және дамыту мақсатында, сонымен қатар, денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласындағы қарым-қатынастың өзара тиімді жақтарын ескере отырып, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Аймурзиева Маншук Құдайбергенқызы,Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Бекмухамбетов Ербол Жасұланұлы және Атырау медициналық колледжі директоры Кубаева Лаура Жақсыгелдіқызының қатысуымен Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің базасында үш жақты меморандумға қол қойылды.