Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен семинар

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ЖИТС орталығының мамандарының қатысуымен жастар ұйымдарының мамандарымен ұйымдастырылған «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты - студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін көтеру, осы мәселеге қоғамның белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Семинар барысында ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ережепов Б.Е. АИТВ-инфекциясын жұқтырушылығының эпидемиологиялық жағдайын, алдын алу жолдарын айтып өтті.