АИТВ-инфекциясының кәсіби жұғуының алдын алу

2018 жылдың 23 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығында, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және облыстық қан орталығымен бірлесе отырып, медициналық мекемелер мен жекеменшік иелігіндегі медициналық ұйымдардың ЖИТС-ке жауапты дәрігерлеріне, қан алатын медбикелерге және қан тасымалдаушыларға «АИТВ-инфекциясының кәсіби жұғуының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Атырау облысының 2018 жылдың 10 айы бойынша эпидемиологиялық жағдайы таныстырылып, апаттық жағдай кезіндегі алдын алу шаралары мен постбайланысты профилактика тағайындау мәселелері талқыланды.