Атырау облыстық перзентханасына  ересектерге арналған маңызды аппарат берілді

Атырау облыстық перинаталды орталығы жаңа құрылғымен, яғни, наркозды-дем алу аппаратымен толықты.

Облыстық перинаталды орталықта ересектерге арналған жалпы анестезияны енгізу үшін WATO маркасының жаңа анестезия және тыныс алу аппаратын орнату және құру жұмыстары аяқталды. Қайырымдылық көмек көрсету шеңберінде бөлінген қаражатты Нұрлан Балғымбаев Қоры қаржыландырды.
Аппарат құны 19 млн. теңгені құраған.
- Біз алған жабдықтардың жиынтығы жоғары сапалы медициналық көмек көрсету үшін берілді, - дейді облыстық перинаталды орталықтың реанимация бөлімінің жетекшісі Колканат Медетов.
Қайырымдылық қор қызметкерлерінің айтуы бойынша, Қор қазіргі уақытта бірқатар қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруда, оның бірі Атырау Перинаталды орталығына көмек көрсету.
Қайырымдылық көмек шеңберінде Нұрлан Өтебұлы Балғымбаев Қоры WATO маркасының анастезия  және тыныс алу аппараттарына ересектерге арналған жалпы анестезияға арналған, тұрақты және сенімді болатын, қауіпсіздікті жақсартатын және ыңғайлы интерфейс ұсынды.
Алынған жабдық аналарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін жоғары технологиялық және маңызды.

.

Аппараттың бір өзі бірнеше міндетті атқара алады. Соның арқасында ота жасау кезінде дәрігерлердің жұмысы біраз жеңілдейтін көрінеді. Заманауи жабдық қауіпсіздік жағынан барынша жетілдірілген және сыртқы пішіні өте ыңғайлы. Ал, бірегейлігі сол — науқасқа ота жасау кезінде оның ағзасында болып жатқан процесстерді бақылауға және қандай да болмасын өзгерістер туындаған кезде оған жедел әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Жалпы перинаталдық орталықтың жан сақтау бөлімшесінде тәулігіне жоспарлы түрде 3-4 ота жасалатындығын айта кетейік.

Атырау облыстық перинаталды орталығы жаңа құрылғымен, яғни, наркозды-дем алу аппаратымен толықты. Бұл қоғамдық қорлардың бірінің сыйлығы. Аппараттың бір өзі бірнеше міндетті атқара алады. Соның арқасында ота жасау кезінде дәрігерлердің жұмысы біраз жеңілдейтін көрінеді. Заманауи жабдық қауіпсіздік жағынан барынша жетілдірілген және сыртқы пішіні өте ыңғайлы. Ал, бірегейлігі сол — науқасқа ота жасау кезінде оның ағзасында болып жатқан процесстерді бақылауға және қандай да болмасын өзгерістер туындаған кезде оған жедел әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Жалпы перинаталдық орталықтың жан сақтау бөлімшесінде тәулігіне жоспарлы түрде 3-4 ота жасалатындығын айта кетейік.