Атырау қаласындағы мектептерде өткізілген семинарлар

Атырау қаласындағы мектептерде 8-11 сынып оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС алдын-алу бойынша семинар-тренингтер өткізілді.
Мектеп оқушыларының білімдері бірнеше параметрлер бойынша бағаланды: АИТВ-инфекциясының алдын-алу шаралары мен жолдарын білу. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, жасөспірімдер бұл мәселеге қызығушылық танытады. Сөйлесулер, пікірталастар, оқыту семинарлары, фильмдер мен бейнероликтер АИТВ-инфекциясын болдырмау және жастар арасында қауіпсіз жүріс-тұрысқа қатысты көзқарастарды қалыптастырудың өте жақсы түрі болып табылады. Оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы оқу-ақпараттық материалдары таратылды.