«Салауатты университеттер» жобасы

«Салауатты университеттер» жобасы шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Бүгінгі күні Республикадағы көптеген жоғары оқу орындары мен мектептер жобаға қатысады. Жастардың денсаулығы мемлекеттің сау әлеуетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан қазіргі таңда студенттердің денсаулығын сақтау және дамыту және олардың денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру аса маңызды.
ЖИТС орталығының директоры Н.Ә. Айтмұхамбетов эпидемиологиялық ахуалмен және АИТВ-инфекциясының алдын-алу шаралары мен жыныстық жолмен берілудің өсу үрдісі жағдайы туралы ақпаратпен хабардар етті. Тыңдаушылар АИТВ инфекциясы туралы ақпаратқа қызығушылық танытып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Тараптар бірлескен жұмыс АИТВ-ның таралуын болдырмауға бағытталған тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.