Атырау облыстық ЖИТС орталығы мемлекеттік органдар арасында семинар өткізді

27 ақпанда «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті», «Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру», «Су ресурстарын пайдалануды реттеу жәәне қорғау жөніндегі Жайық-Каспий инспекциясы», «Қазсушар» қызметкерлерінің арасында «АИТВ-ға қазіргі уақыттағы көзқарас» атты тақырыбында Атырау ЖИТС қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың алдын алу бөлімінің мамандары Р.Муканова мен А.Базарова облыстағы АИТВ және ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шараларымен таныстырды.
АИТВ-ның таралуын тоқтатудың қазіргі уақыттағы негізгі мақсаттарының бірі – халықты жұқпадан алдын алуға ақпараттандыру және әрбір адамның АИТВ-ға мекен жайындағы емханада немесе ЖИТС орталығынан тексерістен өтуге болатындығы туралы түсіндірді.
Семинар барысында қызметкерлердің сауалдарына нақты жауаптар берілді. Қатысушыларға ақпараттық құралдар таратылды.