Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир

2019 ж 5 сәуір күні Нұрсая дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде
Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған "Senim" медицина қызметкерлерінің салалық кəсіподақ ұйымының ат салысуымен Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир өтті . Турнирге Батыс Қазақстан , Маңғыстау жəне Атырау облыстарынан келген команда ойыншылары қатысты.Атырау облысынан - облыстық аурухана,Ұлттық сараптама орталығы, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы атынан шыққан 5,7 қалалық емхана қызметкерлері қатысты. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы командасы құрамында біздің емханадан дəрігер -эпидемиолог Даулетова Ж.С,жалпы тəжірибе дәрігері Усманов Н. Б ,учаскелік фельдшерлер Сдихов С,Сапиев Б. өнер көрсетті.Ойын қорытындысы бойынша біздің команда жүлделі бірінші орынға ие болды.Ойынға қатысушы барша қызметкерлерге алғыс білдіреміз! Медицина қызметкерлері сіздерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.