"Дені сау болу - бұл сəнді" атты кең көлемді акция

2019 ж 7 сəуір күні Қайырғали Смағұлов атындағы алаңда Дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Дені сау болу - бұл сəнді" атты кең көлемді акция өткізілді.Акцияға қатысушы мекемелерден келген қатысушылар гір тасын көтеру ден ,көпшілік жүгіріс, арқан тартысудан жарысты.Сонымен қатар емханамыздың созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы бойынша тренері Томашева М.С,Калмуханова М.И мен патронажды қызмет бас мейірбикесі Тəупенова А.А. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы атынан "үздік тренер - 2019" жүлдесімен марапатталды.
Медицина қызметкерлері сіздерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.