Атырау облыстық ЖИТС орталығында ашық есік күндері

06.11 және 13.11.19 күндері Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Атырау облыстық ЖИТС орталығында ашық есік күндері өтті. Осы күндері қала тұрғындары мен қонақтары тегін түрде АИТВ-ға тестілеуден өтіп, психоәлеуметтік кеңес алды.
АИТВ-ны алдын-алу үшін видеороликтер көрсетілді, қатысушыларға буклеттер таратылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.