Колледж студенттері арасында өткен волейбол сайысы

2019 жылдың 22 қараша күні Атырау қалалық спорт кешенінде ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күніне » орай колледж студенттері арасында волейбол тунирі өтті. Шараның негізгі мақсаты: жастардың АИТВ-жұқпасы мәселесіне назарын аударту, ақпараттандыру.
Спорттық ойын барысында студенттерден экспресс тесттер алынып , оқу-ақпараттық құралдары таратылды. Ойын соңында жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, жаттықтырушылары сыйлықтарға ие болды.