Атырау қалалық №3 емхананың медициналық қызметкерлеріне өткізілген семинар

2019 жылдың 20 қараша күні ЖИТС орталығының алдын алу бөлім эпидемиологы Абылғазиева А.Ж. және эпидемиология бөлімінің эпидемиологы Қазиханов Е.О. Атырау қалалық №3 емхананың медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Қорынтылау мақсатында мекеменің медициналық қызметкерлеріне семинар өткізілді. Абылғазиева А.Ж. АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және апаттық жағдайдың 5 модулін айтып өтті. Қазиханов Е.О. Атырау облысы бойынша АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын ағымдағы жылдың 10 айлық есеп қорытындысымен таныстырды. Семинар басында және соңында сауалнама жүргізілді.