Атырау қаласында СӨСҚ орталығымен бірлескен акция

2019 жылдың 18 қараша күні «BAIZAAR» сауда- ойын сауық орталығында Атырау облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Атырау облыстық ЖИТС орталығының «Өз статусыңды біл!» тақырыбында бірлескен акциясы өтті.
Шараның негізгі мақсаты: халықтың АИТВ-жұқпасына назарын аударту және ақпараттандыру. Акция барысында қала тұрғындары мен қонақтарына тегін түрде экспресс-тест, қан құрамындағы қант мөлшерін анықтау, қан қысымен өлшеу , бой мен салмақты анықтау секілді қызмет түрлері ұсынылған болатын. Сонымен қоса флешмобтар ұйымдастырылып, оқу - ақпараттық құралдары таратылды.