Атырау қаласы ЖОО кураторлары арасындағы семинар

Дүниежүзілік кампания шеңберінде Атырау ЖИТС орталығының педагог А.Тунгатарова С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің және Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының кураторлары арасында оқыту семинарларын өткізді.
Семинар барысында қатысушылар АИТВ-жұқпасының алдын алу бағытында оқыту модульдерімен, АИТВ мен өмір сүретін адам құқықтары туралы, стигме мен кемсітушілік және жастармен алдын алу жұмыс ұйымдастыру принциптерімен таныстырды. Ақпараттық материалдар таратылды. Қатысқандар саны-150 адам.