Бизнес - құрылымдарда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай өткізілген лекциялар

Кампания кезінде облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің мамандары «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» атты ұранымен бизнес- құрылымдарында (ЖШС«АтырауГазИнвест», «ДамуСтройСити», «НВК-Сервис», «Caspian Bottlers», «ZetDlobalSupport» және т.б. ) АИТВ/ЖИТС –тың жұғу жолдары, стигма, дискриминация туралы мағлұмат берді.
Стигма, дискриминация және АИТВ–мен өмір сүрушілер туралы сұрақтар тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, кездесу өзара пікірталасқа ұласты.
АИТВ жөнінде бейне фильм ұйымдастырылып, бетшелер мен буклеттер таратылды.