Атырау қаласы мектептерінде оқушылар арасында жүргізілген алдын алу шаралары

2020 жылдың 20-24-ші қаңтар аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатаровамен №3 мектеп-гимназиясы, №4 мектеп-интернаты, №9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, №39 орта мектеп және Н.Тлендиев атындағы кіші өнер академиясында 8-11 сынып оқушылары арасында бірқатар шаралар өткізілді.
Шаралар барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу, Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ өмір сүретін адамдар құқы, кемсітушілік тақырыптары қозғалды.
Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық құралдар таратылып, бейнетаспалар көрсетілді. Барлық қамтылған оқушылар саны-540.