Атырау қаласы мектептерінің сынып жетекшілеріне өткізілген семинар

2020 жылдың 31 қаңтар күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында қала мектептерінің сынып жетекшілеріне семинар өткізілді. ЖИТС орталығының мамандары облыстағы эпидемиологиялық ахуал, АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен клиникалық белгілері жөнінде толық ақпарат берді.
Семинарда оқушылар арасында өткізілетін алдын алу шараларының өзекті мәселелері қозғалды. Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова АИТВ инфекциясының қазіргі таңда «ХХ ғасыр обасы», «Ғасыр індеті» және т.б. емес екендігін түсіндірді.
Семинарда барлығы 73 сынып жетекші қамтылды. Қатысушылар қойған барлық сұрақтарға, толыққанды жауап берілді.