Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті

Қазақстанда тағы бес адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда тағы да коронавирус жұқтырған адамдар анықталды. Алматы қаласында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында  - 1 адам.

Сонымен, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті. Нұр-Сұлтанда - 17 адам, Алматы қаласында - 15 адам.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ол отыз күнге созылады.
azh.kz