Атырау облыстық ЖИТС орталығында обаға қарсы киімді киіп-шешу бойынша өткізілген инструктаж

2020 жылдың 8 - 10 сәуірінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында дәрігер-эпидемиолог А.Ж.Абылғазиева обаға қарсы киімді киіп шешу бойынша инструктаж өткізіп, медициналық қызметкерлердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта жеке қорғаныш құралдарын (бетперде,қолғап,костюм,көзілдірік және т.б) дұрыс пайдалану реттілігін айтып кетті.
Ұжым қызметкерлері обаға қарсы киімнің кию және шешу реттілігін практика жүзінде жасап көрді. Оқыту барысында туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.