Коронавируспен ауыратындар саны ең көп өскен аймақ анықталды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында COVID-19 бар 4049 науқас тіркелген. Өткен тәулік ішінде республикада 129 адам тіркелді, яғни өсім 3,3% құрады. 84 немесе 65% профилактикалық тексеру кезінде анықталды, 36 пациент медициналық көмекке өздері келді », - деді Елжан Біртанов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жаңа жағдайлардың ең көп саны Алматыда тіркелген - 33, ал БҚО-да - 20.

«Ең көп өсім Маңғыстау облысында байқалды - 13,8%. Кеше 2 адам қайтыс болды, барлығы 29 адам қайтыс болды, 1173 адам шығарылды, 2847 науқас емделуді жалғастыруда. Өткен тәулікте 13,550, скринингтік тексеруден 4,5 мың тест өткізілді », - деді министр.