Геолог емханасы бос тұрған директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Геолог емханасы» «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес бос тұрған директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурс өткізілетін күн және орны: 2020 жылғы 25 тамыз  Атырау қаласы, Геолог мөлтек ауданы, Атырау-Доссор тас жолы, 49 құрылыс, 256 кабинет. Анықтама телефондары 8(7122) 52-18-07 электронды поштаның адресі:  sba-19@mail.ru

Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Геолог емханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, 060006, Атырау қаласы, Геолог мөлтек ауданы, Атырау-Доссор тас жолы, 49 құрылыс., тел 8(7122) 52-18-07;

Кәсіпорынның қызметінің негізгі түрлері:

Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекеттік лицензияға және оның қосымшаларына сәйкес тұрғындарға медициналық қызметтер көрсету.

Қойылған мақсаттарға жету үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • амбулаторлық - емханалық көмек:

- бастапқы медико - санитариялық көмек;

- консультативті - диагностикалық көмек;

2) стационар алмастыратын көмек;

3) медициналық оңалту;

4) шұғыл медициналық медициналық көмек.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер) үшін:

медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейін бойынша);

«Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

не

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы.

Білулері қажет:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы",  "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Сонымен қатар конкурсқа қатысушылардың мемлекеттік басқару ұйымы бекіткен біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтар негізінде кәсіби білімдері анықталады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

  • он сегіз жасқа толмаған;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының  заңнамасында  көзделген   ретте   өтелмеген    немесе

алынбаған соттылығы бар.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап  15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндемелер;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежелері мен атақтары берілгендігі, ғылыми жарияланымдары жөніндегі құжаттардың, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстардың және т.с.с. көшірмелерін) тапсыруына болады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Геолог емханасы» кадр бөліміне келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс, Атырау қаласы, Геолог мөлтек ауданы, Атырау-Доссор тас жолы, 49 құрылыс, 256 кабинет, тел.: 8(7122) 52-18-07.