Құлсары қаласында 275 орындық орталық аудандық аурухананың құрылысы тамызда басталды

275 орындық орталық аудандық аурухананың құрылысы тамызда басталды. Жоспарланған аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың қазан айы.

Мердігер - «Бекболатовтар Крылыс Компаниясы» ЖШС. Құрылыс «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа аурухана кешенінің құрылысы Қазақстан Республикасы үкіметінің «Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау туралы» қаулысы аясында жүргізілуде.

Кешен әртүрлі төсек-орынға арналған палаталары бар екі қабатты бірнеше ғимараттан және 100 төсектік 2 қабатты жатақханадан тұрады. Сондай-ақ, 200 орынға арналған оттегі станциясы және инфекциялық бөлім бар.