Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі А. Цой жолдауда айқындалған бағыттар бойынша баяндама жасады.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі А. Цой жолдауда айқындалған бағыттар бойынша баяндама жасады.
Медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу  жыл соңына дейін жалғасады.Қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. 2023 жылға дейін 247 мың маманның жалақысы екі есеге ұлғаяды.
Сонымен қатар, отандық фармөндіріс кешенді түрде дамиды. Халықтың сұранысына сай, тиімдігі дәлелденген дәрі-дәрмек өндіріледі.
2025 жылға қарай мемлекеттік жекеменшік әріптестік есебінен су жаңа 20 медициналық орталық құрылады.   Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әрқайсысында 500 төсек-орын бар көпбейінді ғылыми-зерттеу орталықтары салынады.
Алғашқы медициналық көмекті жетілдірудің 2021-2023 жылдарға дейінгі кешенді жоспар әзірленеді. Елді-мекендердегі фельдшерлік-акушерлік, дәрігерлік амбулаториялық пунктердің материалдық-техникалық базасы толықтырылады. Шалғайдағы елді-мекендер үшін көліктік медицина механизімі дамиды. Осы мақсатта жылжымалы 100 медициналық кешен сатып алынады. Аудандық ауруханалардың қажеттілігі 100 пайызға қамтылады.Жедел-жәрдем қызметі үшін 1167 бірлік отандық санитарлық автокөлік сатып алынады.
Маман тапшылығын реттеу үшін ұзақ мерзімді жоспар дайындалады.
Президенттің тапсырмасына сай «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021 жылы ЭКО-ға бөлінетін квота көлемі 7 есеге дейін арттырамыз.