Өткен тәулікте облыста 107 адамда коронавирус індеті расталды

Өткен тәулікте облыста 107 адамда коронавирус індеті расталды, деп хабарлайды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Дертке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 59 жұмысшыдан, Жылыой - 4, Қызылқоға - 1, Индер - 3, Махамбет - 2, Исатай - 1, Мақат - 1, Құрманғазы ауданында - 9 адамнан анықталған.

10 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген, 57 адамнан скринигтен өту барысында анықталған, 40 адам инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғаны хабарланады.

Өңір бойынша 2020 жылдың 28 наурызы мен 2021 жылдың 7 қаңтары аралығында коронавирус инфекциясының 14 173 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 2164,4 құрады. Қала, аудан бойынша: Атырау қаласында – 6167, Жылыой ауданында – 5980 тіркелген, оның ішінде Теңіз кен орны - 4775, Құлсары қаласында - 1205, Индер ауданында - 395, Исатай ауданында – 262, Қызылқоға ауданында – 471, Құрманғазы ауданында-336, Мақат ауданында-310, Махамбет ауданында – 252.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.