Атырау облысы тағы да COVID-19 үшін «қызыл» аймаққа кірді.

Атырау облысы тағы да COVID-19 үшін «қызыл» аймаққа кірді. Бұған Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сайтындағы мәліметтер дәлел.

2021 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы.

«Қызыл» аймақта: Атырау облысы.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары.

Барлық басқа аймақтар - «жасыл» аймақта.

Еске салайық, өткен тәулікте Атырау облысында Covid-19 бойынша ПТР сынамасы арқылы 92 жағдай анықталды.