АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

2021жылдың 8 ақпаныңда Атырау облысы ЖИТСке қарсы күрес орталығында алдын алу бөлімінің маманыМ.Баймуханова онлайн форматта С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледж студент жастарымен «Мұны саған білу маңызды» атты тақырыпта кездесу өткізді.
Басты мақсат: АИТВ\ЖИТС мәселесі бойынша жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, ақпараттандыру деңгейін жақсарту.
Кездесу барысында 2021 жылдың эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ инфекциясының берілу жолдары , аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау, көмек көрсету , олардың қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығы туралы айтылды.
Тікелей эфир барысында, кездесуге қатысқан 60 студенттің көптеген сұрақтарына жауаптар мен кеңестер берілді.