№ 4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛДЫ

КВИ-ға қарсы вакцинация профилактикалық мақсатта жүргізіледі. Вакцинациялаудан өтудің негізгі екі себебі- өзіңізді қорғау және айналаңдағыларды қорғау. Вакцинация денсаулық жақсы кезде ғана жүргізіледі, аурудың белгілері болған кезде вакцинация жүргізілмейді.
Бүгін "№4 Атырау қалалық емханада «СOVID-19» пандемиясымен аурушаңдықтың алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық екпе егу науқаны басталды.
Алғашқылардың бірі болып екпені емхана басшысы:М.Қ. Өтеғалиева және бөлімшелердің меңгерушілері қызметкерлері,ектірді.
Ресейлік «Спутник V» атты вакцинасын салдыру 2 бөліктен және 3 кезеңнен тұрады. Бір құтыдағы сүйықтықты 0,5 мл-дан бөліп 5 адамға егеді.
Яғни бірінші бөлігін салдырғаннан кейін 20 күн өткен соң 21-күні екінші бөлігі салынады.
Жалпы 3-кезеңнен тұратын екпе егу шарасының 1-ші кезеңі ағымдағы жылдың 1-ші ақпанынан басталды.
Бірінші кезеңде пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген жедел жәрдем, инфекция және қабылдау бөлімінің медициналық қызметкерлеріне егіледі.
Ал 2-ші кезең ағымдағы жылдың 1-ші наурызынан бастау алып, қалған медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге егу жоспарлануда.
3-ші кезең ағымдағы жылдың 1-сәуірінде басталып, бұл кезеңде мемлекеттік және құқық қорғау органының қызметкерлері егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар азаматтарға егіледі.
Сондай-ақ, вакциналау алдында әрбір азамат медициналық тексерістен өтіп, дәрігердің рұқсатынан кейін салдырып, екпеден кейін 30 минут дәрігер бақылауында болады.
Айта кетсек екпені жоғарыда аталған санаттағы азаматтар тек қана өз еркімен ғана салдырады.