Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінде "Ерте жүктілікті болдырмаудың алдын алу "тақырыбында шара өтті.

Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінде "Ерте жүктілікті болдырмаудың алдын алу "тақырыбында шара өтті. Студенттермен қашықтықтан кездесуге 4 емхана гинеколог дәрігері Бибігүл Қайратқызы қатысты.Дәрігер қыз балалардың болашақ ана ретінде өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау керектігі жөнінде әңгімеледі.Ерте жыныстық қатынас пен ерте жүктіліктің зардаптарын атады. Қыздарға салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, дене сымбатын сақтауға, дұрыс тамақтануға кеңес берді.Сонымен қатар, қазіргі экологиялық ахуалға байланысты қоғамда аурулар көптігіне мысал келтіріп, жүйелі түрде медициналық тексерістен өтіп, дәрігерлерден кеңес алып тұру керектігін айтты.Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.Мұндай кездесулер ұдайы ұйымдастырылып тұрса жастарымыздың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамай, жауапкершілікті сезінулеріне әсері мол болатыны сөзсіз.