Атырау облысындағы COVID-19: тәулік ішінде 102 жағдай тіркелді, көбі - қаладан

Кеше облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 102 жаңа жағдай расталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Инфекция жұқтырғандардың қатарында Атыраудың 75 тұрғыны бар. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 14 жағдай анықталды.

Аудандарда: кешегі тәулікте Covid-19 Жылыой ауданының 2 тұрғынында, Индер ауданының 1 тұрғыны, Құрманғазы ауданының – 9 және Исатай ауданының 1 тұрғынынан анықталды.

Коронавирус инфекциясы бар 42 пациентте осы ауруға тән белгілер бар. 60 адамның белгісі байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста 159 науқас коронавирустан емделіп шықты.

Қазір 459 адам үйден, 178 адам модульді ауруханада, 70 адам аудандық жұқпалы аурулар ауруханаларында, 202 адам Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Екпеге қатысты мәліметтер

Бір күнде 730 адамға вакцина егілді.

Оның ішінде 87 медицина қызметкері, 119 мұғалім, 47 полиция қызметкері, 6 студент, жабық мекемелердің 11 қызметкері, 9 тәртіп сақшысы, 39 мемлекеттік қызметкер, созылмалы аурумен ауыратын 28 адам, 384 жергілікті тұрғын.

2021 жылдың 1 ақпанынан 6 сәуіріне дейінгі аралықта 5590 адам «Спутник V» вакцинасының I-компонентімен егілді. Вакцинаның II-компоненті 2 193 адамға егілді.

Ауруханалардың жүктемесі

7 сәуірдегі жағдай бойынша 450 адам COVID-19-мен емделіп жатыр. Жүктеме 23,3% құрайды. (1993 орын).

Жансақтау бөлімшелерінде 19 науқас бар, оның 5-і тыныс алу аппаратына қосылған. Жүктеме 26,7% құрады (71 орын).

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.