Атырау облысында covid-19 бар отыз науқас реанимацияда жатыр

Олардың сегізі жан сақтау  аппараттарына қосылған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес, аймақта 498 адам Covid-19-дан емделуде. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 1993 төсек - орынға 25,7%-ды құрайды.

Атап айтқанда, үй жағдайында 802 адам, модульдік ауруханада - 173 пациент, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында - 81 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда - 113 пациент, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 131 пациент ем алуда.

- Реанимацияда 30 пациент жатыр, олардың 8-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 71 төсек-орынға 42,3% - ды құрайды,-деп қорытындылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.