Атырау облысының әкімдігінде вакцинация пункті ашылды

Мемлекеттік қызметкерлерді вакцинациялау үшін егу пункті үлкен-коференц залында ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мұнда дәрігерлердің екі жылжымалы бригадасы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметкерлерді вакцинациялау үшін денсаулық сақтау басқармасы 200-ге жуық "Спутник V"вакцинасын бөлді.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласы бойынша өндірісте, кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерді вакцинациялайтын 6 өтімді мобильді бригада жұмыс істейді.