2021 жылдың 29 сәуір күні Атырау облыстық ауруханасында "Донор күні" акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында 50-ге жуық медицина қызметкерлері ынталанып, оның ішінде 30-дан аса қызметкер донорлыққа қан тапсырды. Аурухана директоры Иманғалиев Ербол Зинуллаұлы бастаған ұжым қанға мұқтаж науқастарға өмір сыйлау жолында өз үлестерін қосты.
Акцияның жоғары дəрежеде өтуіне атсалысқан аурухана ұжымы қызметкерлеріне алғыс айта отырып, еңбектеріне табыс тілейміз.