Атырау облысының 637 тұрғыны бір тәулік ішінде коронавирусқа шалдықты

Өңірде халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мәселен, 3 маусымдағы деректер бойынша 637 жергілікті тұрғын "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін алды. Оның ішінде — 15 медицина қызметкері, 25 педагог, 1 полиция қызметкері, 7 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 2 Құқық қорғау органдарының қызметкері, 4 Мемлекеттік қызметкер, 1 созылмалы аурумен ауыратын адам, 585 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 3 маусым аралығында "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен 58 324 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 22 330 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде вакциналардың бар-жоғы туралы колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады: 98 — 02 — 92