Соңғы тәулікте 29 адам Covid-19 жұқтырды

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте 29 адам Covid-19 жұқтырды, оның ішінде Атырау қаласында 19 жағдай расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 7 жағдай анықталды.

Индер ауданында 2 инфекция, Құрманғазы ауданында 1 ауру анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 12 науқаста ауру тиісті белгілермен жүреді. 17 адамда белгілер жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 83 адам емделді.

Қазіргі уақытта 530 адам үй жағдайында, 120 - модульдік ауруханада, 110 – екінші облыстық ауруханада, 21 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 94 - аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-52.

Инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта орналасқан.