АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 69 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАН

Атырау облысының 376 тұрғыны коронавирустық инфекциядан емделуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 34 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 8 науқас анықталды.

Облыс аудандарында да инфекцияның таралуы жалғасуда. Жылыой ауданында — 8, Индер ауданында-6 covid — 19, Исатай ауданында — 8, Қызылқоға, Құрманғазы және Мақат аудандарында — бір-бірден жұқтыру оқиғасы, Махамбет ауданында-2 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 34 науқаста ауру тиісті белгілермен жүреді. 35 адамда симптоматология жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 12 адам емделді.

Қазіргі уақытта 574 адам үй жағдайында, 122 — модульдік ауруханада, 104 – екінші облыстық ауруханада, 17 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 78 — аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-55.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта орналасқан.