Атырау облысының 1085 тұрғыны тәулігіне Covid-19-дан егілді

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

9 маусымдағы мәліметтер бойынша, "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 1085 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың ішінде 26 дәрігер, 40 педагог, 3 полиция қызметкері, 13 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 26 құқық қорғау органдарының қызметкері, 4 Мемлекеттік қызметкер, 32 созылмалы аурулары бар адам, 940 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 9 маусым аралығында барлығы 62523 адам "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентімен 22 952 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде вакциналардың бар-жоғы туралы Колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады: 98 — 02 — 92.