Коронавирус: Қазақстан ауру көрсеткіші бойынша 105 орында

Қазақстан 6 маусымнан бастап "жасыл" аймақта орналасқан. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып өткендей, 221 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 111-орында тұр. "Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап "жасыл" аймақта тұр. "Қызыл" аймақта Нұр-сұлтан қаласы, "сары" аймақта алты өңір бар: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта 10 өңір бар", - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында. Айта кетейік, бүгінгі таңда әлемде КВИ-дің 174 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 350 мыңнан астам жағдай тіркелген. 3,7 млн. астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,1% – ды құрады. Бұған дейін министр мамыр айының басынан бері Қазақстан бойынша коронвируспен сырқаттану 2,1 есеге төмендегенін хабарлады