Атыраудың денсаулық сақтау саласында жаңа тағайындау

Атыраудың денсаулық сақтау саласында жаңа тағайындау

Бауыржан Төлеген Махамбет аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын бітірген. Шымкент қаласындағы ЖМКА-да интернатурадан өтіп, «дәрігер хирург» мамандығы біліктілігін алған.
Бауыржан Төлеген ҚР ӘМ Сот медицинасы орталығы, РМҚК Атырау филиалының сот-медициналық сарапшысы, Исатай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Индер аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарды.
Бұған дейін облыстық Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарды.

Азамат Ерболов облыстық Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Азамат Ерболов Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, емдеу ісі мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған. Хирург-дәрігер.
М.С.Нарықбаев атындағы ҚазГЮУ Университеті, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде хирург, №2 Атырау облыстық ауруханасының кеңес беру диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Бұған дейін ол №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары болды.

станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.