Covid-19: Атырау облысында 65,5 мың тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

12-13 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 928 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 13 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 65 582 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 23 369 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98 – 02 – 92 колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.