АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 62 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

337 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 39, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 3 адам, Индерде 5, Исатай ауданында 3, Қызылқоғада 1 ,Мақат ауданында 5 ,Махамбетте 1 адамнан анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 23 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 134 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 446 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 133,
№2 облыстық ауруханада -101, фтизиопульманологиялық орталықта -10, аудандық инфекциялық стационарларда -54адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 41 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.