Атырау облысы мұғалімдерімен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары М.Баймуханова, Ж.Имангалиева 2021 жылдың 1 қыркүйегінде «АИТВ/ЖИТС тің алдын алу » тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының курсындағы мұғалімдермен кезекті түрде жоспарлы онлайн Zoom форматында кездесуөткізді.
Кездесудің мақсаты АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу жолдары туралы айтылып өтті.
Қатысушылар жанынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, шараға 40 мұғалім қатысты.